Intra сізді жаңалықтар сайттарына, әлеуметтік желі платформаларына және хабар алмасу қолданбаларына кіру мүмкіндігін блоктайтын DNS манипуляциясы деп аталатын кибершабуылдан қорғайды.
01
Интернетке еркін кіру
Intra интернеттегі цензураның ең жиі кездесетін түрі болып табылатын DNS манипуляциясына байланысты блокталған веб-сайттар мен қолданбаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
02
Цифрлық шабуылдардан қорғау
Intra сізді фишинг пен зиянды бағдарламадан қорғауға көмектеседі. Бұл шабуылдар пайдаланушы аттары және құпия сөздер сияқты жеке ақпаратты ұрлау немесе жалған веб-сайттарға бағыттау арқылы құрылғыда бағдарламалық құрал орнату үшін пайдаланылады.
03
Бір түймені басу арқылы құрылатын шектеусіз қорғаныс
Intra қолданбасын пайдалану оңай: оны қосып қалдыра салсаңыз болды. Intra интернет жылдамдығын төмендетпейді және оның дерек трафигі шексіз.
04
Сенуге тұрарлық технология
Intra ақпаратыңызды құпия етіп сақтайды. Пайдаланған қолданбалар немесе кірген веб-сайттар бақыланбайды.
Intra қолданбасы DNS сервері провайдерін бейімдеуге мүмкіндік береді. Өз серверіңізді қолдана аласыз немесе Cloudflare не Google сияқты танымал провайдерлердің бірін таңдай аласыз.
Бұл қалай істейді?
Intra ашық DNS серверіне кіретін интернет байланысын шифрлайды. DNS серверлері контактілер тізімі сияқты істейді. Сіз интернетті пайдаланған кезде, DNS сервері веб-сайтқа кіруге немесе қолданбаны ашуға қажетті нақты мекенжайларды береді.
Алайда DNS серверлері пайдалану рұқсатын блоктау немесе жалған веб-сайттарға бағыттау үшін өзгертілуі мүмкін. Android құрылғысында DNS серверлеріне кіретін интернет байланысын шифрлау арқылы Intra қолданбасы нәтижелерге манипуляция жасалмайтынына кепілдік беруге көмектеседі. Осылайша интернетке қауіпсіз кіре аласыз.